Данияр Ақышев ұлттық валютаның жағдайына байланысты болжам жасады

Данияр Ақышев ұлттық валютаның жағдайына байланысты болжам жасады

Данияр Ақышев ұлттық валютаның жағдайына байланысты болжам жасады
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ұлттық валютаның жағдайына байланысты болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Менің ойымша, валюталық нарықтағы жағдайда сыртқы әрі ішкі факторлардың ықпалы көрініс табады. Бұл өзгерістер ресейлік қаржы нарығында РФ рублі әлсіреуінің орын алуына байланысты сияқты. Осы орайда бірнеше күн қатарынан рубльдің әлсіреуін байқап отырмыз. Сәйкесінше, теңгеге де осы факторлар әсер етуде. Дегенмен де бүгінде теңге үшін жағдай өте қолайлы болып тұр», - деді ҰБ басшысы Мәжілісте тілшілерге берген сұхбатында. «Біріншіден, мұнай бағасы өте жоғары деңгейде, яғни барреліне 75 долларға жетті. Екіншіден, біз жақын арада төлем теңгерімі бойынша мәліметтерді жариялаймыз, онда 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы алдын ала ақпарат қамтылады. Бізде екінші тоқсан қатарынан төлем теңгерімінің нөлдік сальдосы байқалуда. Бұл өз кезегінде төлем теңгерімі,  сондай-ақ капитал ағыны және басқа да бағыттар елімізде теңдестірілгенін білдіреді», - деп түсіндірді Ақышев. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде теңге бағамының құбылуы тұрғысында алаңдаудың реті жоқ. «Сәйкесінше, айырбас бағамы да теңдестірілгенін айта аламыз. Бұл ретте ешқандай теңгерімсіздік байқалмайды. Осы жағдайларда алаңдауға еш негіз жоқ, себебі бағам сыртқы факторларға байланысты ауытқып тұр», - деп түйді Данияр Ақышев.