Рамазан айындағы ораза және намаз кестесі жарияланды

Рамазан айындағы ораза және намаз кестесі жарияланды

Рамазан айындағы ораза және намаз кестесі жарияланды
ашық дереккөзі
Биыл күллі мұсылман үшін қасиетті саналатын Рамазан айы 16 мамырда  басталады. Бұл айда барша жамағат ораза ұстап, отыз күн бойына ауыз бекітуі тиіс. Он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазанда адамзатқа Құран Кәрім түсірілген. Сондықтан бұл күндері Жаратушыға құлшылық етіп, жетім-жесірлерге жебеу көрсету - сауап болмақ. Осыған орай бүгін бас мүфти қазақстандықтарға арнап үндеу жариялады. Онда "қасиетті айдың құрметіне орай, той-томалақ пен сауық-кештерде арақ-шарап ішілмесе" делінген. Сондай-ақ, діни басқарма өкілдері "азық-түлік бағаларын төмендетіп, халыққа қызмет көрсету саласында жеңілдіктер жасалса" деген тілектерін жеткізді. Бірақ бұл сауапты іске ешкімді күштеп итермелеуге болмайтынын ескертті. "Бүгін міне ораза айына да жеттік. Ораза он екі айдың сұлтаны. Ораза айымен барлық Қазақстан жұртын құттықтаймын. Ұстаған оразаларыңыз, қылған дұғаларыңыз, жасаған игі істеріңіз қабыл болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Бас мүфти. Айта өтейік, бес парыздың бірі оразада жарлы-жақыбайларға жәрдем көрсетіп, садақа берген абзал. Биыл пітірдің мөлшері 300 теңге болып бекітілді. Ал маусымның 10-ынан 11-іне қараған түн ‒ Қадыр түні. Назарларыңызға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынамыз. Өзге өңірлерге арналған кестені muftyat.kz сайтынан жүктеуге болады.  width=  width=