Қазақстан хоккейшілеріне әлемдік лига жолдамасы бұйырмады

Қазақстан хоккейшілеріне әлемдік лига жолдамасы бұйырмады

Қазақстан хоккейшілеріне әлемдік лига жолдамасы бұйырмады
ашық дереккөзі
Хоккейден Қазақстан құрамасы Бірінші дивизионның А тобында үшінші орын иеленді, деп хабарлайды prosports.kz.  Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында біздің хоккейшілер бес ойында 9 ұпай жинады. Ұлыбритания, Польша және Венгрия құрамаларынан басым түсіп, Италия мен Словенияға есе жіберген Қазақстан ұжымы А тобында үшінші орынға жайғасты. Топтың көшін Италия құрамасы бастады. Ал екінші сатыға Ұлыбритания құрамасы орналасты. Әлемдік лигаға топтан тек екі құрама ғана жолдама ала алады. Сол себепті үшінші орынды місе тұтқан біздің жігіттер жолдамадан қағылды.