Шымкентте "түнгі сот" жұмысын бастайды

Шымкентте "түнгі сот" жұмысын бастайды

Шымкентте "түнгі сот" жұмысын бастайды
ашық дереккөзі
Шымкентте "түнгі сот" жұмыс істейтін болады. Бұл туралы otyrar.kz. хабарлады. 
Пилоттық жоба облыстық сотта қолға алынған. Жол ережесін бұзу, ұсақ құқық бұзушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты қылмыстардың көбеюі осындай бастамаға сеп болған. Былтыр осы санаттағы істер саны 735 болса, оның 252-сі түнгі уақытта орын алған. "Түнгі сот" жобасы осы санаттағы істерді қарау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Тәжірибеге сүйеніп, түнгі не кешкі уақытта орын алған құқық бұзушылық полициядан сотқа келіп түседі. Одан он бес күн қарау мерзімі бар. Қаулының күшіне ену үшін тағы он күн қажет. Осылайша, бір істі қарау екі айға дейін созылып кетеді. Тәжірибеге сүйенсек, бұл санаттағы істер бірінші сатыда-ақ шешімін тауып кетеді. Сирек жағдайда ғана апелляциялық шағымдар келтіріледі. Жоба істі қарау мерзімін қысқартып, дер кезінде азаматтардың құқығын қорғау шараларын қолға алуға мүмкіндік береді", — дейді  облыстық соттың судьясы Виталий