Астанадан Парижге дейін

Астанадан Парижге дейін

Астанадан Парижге дейін
ашық дереккөзі
«Шектеусіз мүмкіндіктер әлемі!» ұранымен елордалық велошабандоздар Астанадан Парижге дейін шамамен 5000 км қашықтықты еңсермек. «Анашым» мүгедек балалар мен жастарды қолдау қоры «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Шекарасыз спорт» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Тамыз айында зағип және нашар көретін велошабандоздар үшін үшінші рет веломарафон өткізу жоспарлануда. «Веломарафон ‒ патриоттық бастама, басқа елдердің қоғамдық ұйымдарымен тәжірибе алмасуға бағытталған. Бұл әлемдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге құштарлығын оятып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейтін бірегей жоба», ‒ деді «Шекарасыз спорт» жобасының жетекшісі Бахтияр Базарбеков. Оның сөзінше, веломарафон бірнеше әлеуметтік жобаны қамтиды. «Біз осы жоба аясында мүгедек жандарға тең мүмкіндіктер жасаудың маңыздылығын көрсеткіміз келеді және қоғамды оятқымыз келеді. Қоршаған ортадағы мәселелерге бейжай қарамай, барынша мүмкіндіктерді көрсету, өзіне және айнала қоршаған жандармен пайдалы, жағымды қарым-қатынас құру», ‒ дейді Б.Базарбеков. Акцияның шеңбері жыл өткен сайын кеңейе түсуде. Көзі көрмейтін және нашар көретін велошабандоздар командасы қазірдің өзінде Алматы – Астана және Алматы – Ыстықкөл бағытында екі веломарафон өткізді.