26 Сәуір 2018, 12:07 961 0 Бизнес Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Facebook үш айда 11,7 млрд доллар табыс тапты

Facebook соңғы үш айда жарнамадан 11,7 млрд доллар пайда көрді. Facebook компаниясының тоқсандық сатылымдары 50 пайызға артты, бұл жетістік соңғы кездері компания атына кір келіп, у-шу болғанына қарамастан орын алып отыр. Компанияның берген мәліметі бойынша, биылғы жылдың алғашқы үш айында пайда 11,9 млрд долларға артқан. Былтырғы жылғы пайда 8 млрд долларды құраған болатын. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияның бас директоры Марк Цукерберг: «Біздің алдымызда маңызды тапсырмалар тұрғанымен, 2018 жылы біздің компания алға қадам басты» деді. Ол компанияның жауапкершілікті нақты сезінетінін атап өтті.

Facebook жарнамадан соңғы үш айда 11,7 млрд доллардың түскенін хабарлады. Былтырғы жылы қаңтар-наурыз айларында бұл көрсеткіш 7,8 млрд долларды құраған болатын. Алғашқы тоқсандағы пайда 4,9 млрд долларды құрап, былтырғы 3 млрд доллар көрсеткіштен асып түсті.

Наурыз айында Facebook компаниясы Cambridge Analytica саяси фирмасына қолданушылары туралы ақпаратты сатқаны үшін дауға қалған болатын. Facebook 87 млн қолданушысы туралы жеке ақпараттың аталған компанияға өтіп кеткенін мойындады.

Наурыз айында күнделікті белсенді қолданушылар саны 13 пайызға артқан, ол 1,45 млрд доллар пайда әкелген. Ал компания жұмыскерлерінің саны 48 пайызға артып, 27 742 адамды құрады.

Соңғы жаңалықтар