Назарбаев пен Путин қашан кездесетіні белгілі болды

Назарбаев пен Путин қашан кездесетіні белгілі болды

Назарбаев пен Путин қашан кездесетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин мамыр айында кездеседі. Бұл туралы Ресейдің Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкин мен ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың Ақордадағы кездесуінде мәлім болды.  Мемлекеттік хатшы қазіргі кезеңде Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы өзара сенім мен түсіністікке негізделген тату көршіліктің жарқын үлгісі екендігін атап өтті. «Өзіңіз де білетіндей, өткен жылы дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын атап өттік. Бірқатар шара ұйымдастырылды. Елдеріміз арасында тығыз өзара қарым-қатынас орнаған. Мемлекет басшыларымыз да тығыз байланыста. Мамыр айында Мемлекет басшыларының кездесуі болады деп күтілуде. Мұнан бөлек те бірқатар телефон арқылы әңгімелесулер болып, онда маңызды мәселелер талқыланды», - деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова. Сонымен қатар ол елдеріміздің арасында қарқынды саяси диалог өрбіп, тығыз экономикалық байланыс орнатылғана баса назар аударды. Мәдени-гуманитарлық, ғылым және білім беру салаларындағы ынтымақтастық зор мазмұнға ие болғандығын еске салып өтті. Мұнан бөлек биыл еліміз Тәуелсіз Қазақстанның символы - Астананың 20 жылдығын атап өтетіндігін айтты. «Ағымдағы жылы Астананың 20 жылдық мерейтойы және оған Ресейден әріптестерімізді күтеміз. Бірқатар бірілескен ірі жоба Мәскеу, Санкт-Петербург және Астана қалаларында ұйымдастырылды»,- деді Мемлекеттік хатшы. Кездесу соңында ҚР Мемлекеттік хатшысы стратегиялық серіктес және одақтас ретіндегі екіжақты қарым-қатынастың одан әрі дамуы жолында Қазақстандағы Ресейдің Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинге зор табыс тіледі.