Назарбаев пен Путин Сириядағы жағдайды талқылады

Назарбаев пен Путин Сириядағы жағдайды талқылады

Назарбаев пен Путин Сириядағы жағдайды талқылады
ашық дереккөзі
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин 17 сәуірде телефон арқылы сөйлесіп, Сириядағы жағдайды талқылады. Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді. Ақорданың хабарлауынша, әңгіме Ресей тарабы бастамасымен болған. Екі ел президенті Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты және халықаралық жағдайларды да сөз еткен. 14 сәуірге қараған түні АҚШ, Ұлыбритания мен Франция Сириядағы үкімет бақылауындағы кей нысандарға әуеден соққы берген. Бұл елдер Сирия үкімет әскері мен Ресей Дума қаласында химиялық қарумен шабуыл жасады деп күдіктенеді. Пентагон мәліметінше, Сириядағы үш нысанаға 105 зымыран жіберілген. Әзірше америкалық әскерилер де, Сирия билігі де зымыран шабуылы салдарынан құрбан болғандар туралы дерек жариялаған жоқ. Мәскеу мен Дамаск Думада химиялық шабуыл болғанын жоққа шығарып, химиялық қару туралы хабарларды "арандату" дейді. Ресей президенті Владимир Путин Сирияға зымыран соққысын " агрессия" деп бағалаған.