Елімізде базалық мөлшерлеме төмендеді

Елімізде базалық мөлшерлеме төмендеді

Елімізде базалық мөлшерлеме төмендеді
ашық дереккөзі
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға дейін төмендетті. Бұл банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. Салыстыру үшін айта кетейік, 2017 жылдың ақпан айында базалық мөлшерлеме 17 пайыз болған еді. Ақышев осы ретте жалпы экономикалық жағдайға да тоқталды. Бас банкирдің айтуынша, биыл инфляция 5-7 пайыз аралығында болады. 2018 жылғы қаңтар-ақпанда экономикалық белсенділік сақталып отыр. Тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, сауда және көлік саласында өсім байқалады. Ал құрылыс қарқыны осы уақыт аралығында 4,5 пайызға төмендеген. Дегенмен Ақышевтің айтуынша, қазіргі таңда сыртқы нарықтағы ахуал Қазақстан үшін қолайлы болып тұр. Негізгі саудадағы әріптес елдердегі инфляция деңгейі қалыпты деп бағалануда. "Мұнай мен Қазақстанның өзге де экспорттық тауарларының әлемдік нарықтағы бағасы жақсы. Экономиканың дамуы үшін қандай да бір нақты қауіп жоқ. Дегенмен өткен аптада Ресейдің қор биржасымен валюта нарығындағы жағдайдан кейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы өзгерді. Бірақ біздің елдердің арасындағы тауар айналымы немесе ақша ағыны еш өзгерген жоқ. Сондықтан бұл жерде психологиялық әсер ықпал етті деп есептейміз", - дейді бас банкир.