16 Сәуір 2018, 19:53 444 0 Заң Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Қырғызстан: 2020 жылғы сайлауға дайындала бастады

Қырғызстан социал-демократиялық партиясының төрағасы, бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев парламенттік фракция депутаттарымен кездесті.

Атамбаев ҚСДП депутаттарының сауалдарына жауап беріп, Жогорку Кенешке 2020 жылы өтетін сайлауға партияны дайындау мәселелері мен партия құрылымын талқылаған.

Мұндай кездесулерді жиі өткізіп тұру туралы шешім қабылданды деп хабарлады социал-демократиялық партия.

Депутат Рыскелді Момбековтың хабарлауынша, президент аппаратының бұрынғы жетекшісі Фарид Ниязов партиядан және ҚСДП саяси кеңесінен кетеді.

"Фарид Ниязовтың партиядағы қызметін аяқтап, "Сәуір" қайырымдылық қорын басқаратынын Алмазбек Атамбаев айтты. Жиналыста мен президент пен экс-президент арасындағы келіспеушілік соның кесірен шыққанын, мемлекет басшысы аппаратын басқарғанда фракциямен байланыс орнатуда қателік жібергенін айттым. Сөзімді мұқият тыңдаған президент Ниязовтың партиядан кететінін айтты", - деді Момбеков.

Соңғы жаңалықтар