16 Сәуір 2018, 10:50 1571 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Башар Асад Сирияны қалыпқа келтіру үшін қанша қаржы керегін айтты

Ресейлік депутаттармен кездесуден кейін Сирия президенті Башар Асад Батыс жасаған соққылардың тек НАТО-дан қорықпауға себеп болғанын айтты. Бұл туралы interfax.ru хабарлады. 

«Президент Асад Сирия халқының бұл соққылардан кейін тек НАТО-дан қорықпауға көзі жеткізгенін айтты. Сондай-ақ, президент Батыстың таңған тәртібіне қарамастан Сирияны тәуелсіз дамыта беретіндігін мәлімдеді», - дейді Мемлекеттік Дума координаторы Саблин.

Саблин журналистермен кездесу барысында Сирия инфрақұрылымын толық қалыпқа келтіру үшін 400 млрд доллар қажет болатындығын және бұған 10-15 жыл кететінін жеткізді.

 

 

Соңғы жаңалықтар