Балтық теңізінде Ресейдің әскери тікұшағы апатқа ұшырады

 Балтық теңізінде Ресейдің әскери тікұшағы апатқа ұшырады

 Балтық теңізінде Ресейдің әскери тікұшағы апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
Балтық флотының баспасөз қызметі бейсенбі күні кешке Балтық теңізінде Ка-29 әскери жүк таситын тікұшақ құлағанын растады. Тікұшақты сынақтан өткізуші екі ұшқыш қаза тапты. Екеуі де әскер тікұшақ дауындайтын кәсіпорында істеген. "2018 жылы 12 сәуірде Балтық теңізі акваториясында түнгі сынақ кезінде Ка-29 тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақты дайындайтын және сынақтан өткізетін кәсіпорынның екі ұшқышы қаза тапты", - делінген баспасөз хабарламасында. "Сынақ ауа райы қолайлы уақытта жүргізілген", - деп хабарлады Балтық флотының өкілдері. Тікұшақ құлаған орында іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жұма күні екі ұшқыштың біреуінің денесі табылған. Ка-29 тікұшағы 1980-жылдары Н. И. Камов атындағы кәсіпорында шығарылған. Ол теңіз жаяу күштері бөлімдерін десанттауға, оларды қару-жарақпен қамтамасыз етуге және түрлі жүк тасуға арналған.