12 Сәуір 2018, 21:34 487 0 Сыртқы саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Елбасы Ильхам Әлиевті құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ильхам Әлиевке Әзербайжан Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасы президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

"Өткен сайлаудағы жеңісіңіз азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға және мемлекетіңіздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған Сіздің саясатыңызға Әзербайжан халқының көрсеткен жоғары қолдауының дәлелі болып саналады.

Бауырлас Әзербайжан елінің өркендеуі жолындағы жауапты қызметіңізде жаңа табыстарға қол жеткізуіңізге және алдағы барлық жоспарыңыздың сәтті іске асырылуына тілектеспін.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы берік достық пен сенімге негізделген қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқаныңызды да атап өткім келеді.

Екі ел арасында қалыптасқан стратегиялық ынтымақтастық халықтарымыздың жарқын болашағы үшін одан әрі қарқынды дами беретініне кәміл сенемін", – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан президенті бауырлас Әзербайжанның бүкіл халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар