11 Сәуір, 16:24 266 0 Ішкі саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Қалааралық тасымал: 125 автобус жалған құжат пайдаланып келген

Еліміздегі қалааралық автобустардың үштен бір бөлігі техникалық тексерістен өтпеген. Соңғы 3 апта ішінде жүргізілген тексеру нәтижесінде 2,5 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасап  24.kz хабарлады. 

Өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмай, 100-ге жуық автобус қайта жабдықталғаны белгілі болды. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында 125 тасымалдаушы техникалық жарамдылықтың жалған құжатын пайдаланып келген. «Алайда қызығы сол, жоғарыда аталған заңбұзушылықтар тасымалдаушылардың қызметіне жауапты құзырлы органдардың тиімсіз жұмысынан болып отыр», – дейді спикерлер.

"Тексерулермен анықталғандай, құзырлы органдардың өзара қарым-қатынастарының деңгейі төмен. Қазіргі таңда тасымалдаушыларға көзделген өздерінің әкімшілік заңнамамен және қылмыстық кодекспен өзінің жауапкершіліктері бар. Алайда оларды анықтап, оларды тиісті жауапкершілікке тарту үшін құзырлы органдардың жұмысының тиімділігін арттыру керек", - дейді  ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау қызметінің бастығы Азамат Дүйсембеков.

Осы орайда Бас прокуратура Үкіметке құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін себептерді жою туралы ұсыныс енгізді. Айта кетейік, соңғы 2 жылда заңсыз тасымалдаушылардың қатысуымен 600-ге тарта жол көлік оқиғасы болған.

Соңғы жаңалықтар