10 Сәуір 2018, 17:07 896 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

70 млн теңгеге салынған бөгет 4 ай өтпей бұзылды

Орал қаласынан 40 шақырым жердегі Переметное ауылының маңында Деркөл өзені бойындағы бөгет бұзылды. Дамба өткен жылы қараша айында салынған салынған. Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Дамба қар еріген уақытта өзен суын ауыл қажетіне қарай бөгеп отыруға арналған. Мердігер құрылыс ақауын жөндеп жатыр, деп хабарлады жергілікті билік.

Аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқановтың айтуынша, мердігер бөгеттің жырылған тұсын уақытша бөгеген, "су осылай тоқтатылған". Қазір бұл жерде құрылыс бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Бөгетті 70 млн теңгеге салған компания, әкімшіліктің хабарлауынша, құрылысқа екі жыл бойы қызмет көрсетуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар