Алматы облысында заңсыз балық аулаушыларға 2,5 млн теңге айыппұл салынды

Алматы облысында заңсыз балық аулаушыларға 2,5 млн теңге айыппұл салынды

Алматы облысында заңсыз балық аулаушыларға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Елімізде балықты заңсыз аулау, тыйылар емес. Мәселен, Алматы облысында жыл басынан бері балық ресурсын қорғау жөніндегі заң 141 рет бұзылған, деп хабарлайды 24.kz. Рұқсатсыз ауланған 42 тоннадан астам  балық тәркіленіп, 2 жарым миллион теңге айыппұл салынды. Ал орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері су қоймаларындағы балық қорының азайғанын айтып, алаңдап отыр. Осы орайда өңірде балық шаруашылығымен айналысып, кәсіп ашамын дегендерге қолдау көрсетілмек. Яғни мемлекет елу пайызға дейін субсидия беруге дайын. Атап айтқанда биыл жергілікті бюджеттен балық шаруашылығын қаржыландыруға 117 миллион теңгеден астам қаражат бөлу жоспарда бар. "2017 жылы Қазақстан бойынша 744 тонна тауарлық балық өсірілді, соның ішінде 190 тонна балықты Алматы облысының балық шаруашылығы өсірген болатын", - дейді облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Аян  Бахиянов.