9 Сәуір, 09:57 198 0 Қауіпсіздік Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Франция БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі отырысын шақырды

Франция Сириядағы химиялық шабуылды талқылау үшін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі отырысын шақырды. Франция Сирияда химиялық қару қолдануды талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуге шақырды. Францияның ұсынысын Кеңеске мүше сегіз мемлекет қолдады.

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Сирияның Дума қаласына жасалған химиялық қару ақпаратын "қауіпті дабыл" деп атады. Париж ұстанымын Қауіпсіздік Кеңеске мүше сегіз мемлекет — Ұлыбритания, АҚШ, Польша, Нидерланд, Швеция, Кувейт, Перу және Кот-д'Ивуар қолдады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ресей де кеңестің өтуін қолдаған. Бірақ Мәскеу қандай мәселені көтереді, әзірге белгісіз.

Ресей СІМ жексенбі күні Сириядағы химиялық шабуыл жөніндегі ақпаратты "жалған" деп атады. Сириядағы бітімгерлік жөніндегі ресейлік орталықтың басшысы, генерал-майор Юрий Евтушенко Башар Асад режимі Шығыс Ғутада химиялық қару қолданды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді.

Франция СІМ басшысы болса, Думадағы жағдайды "халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзу" деп атады.

Сириялық-америкалық медициналық қоғамның және Сирия азаматтық қорғаныс қызметінің хабарлауынша, сенбі күні Думада химиялық шабуылдан 49 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

АҚШ президенті Дональд Трамп Сирия президенті Башар Асадқа қолдау көрсетіп отырғаны үшін Ресей мен Иранды сынап, "бұл үшін жауап беретін кез келеді" деген.

Соңғы жаңалықтар