Қазақстанның 10 өңірінде су тасқыны қаупі жарияланды

Қазақстанның 10 өңірінде су тасқыны қаупі жарияланды

Қазақстанның 10 өңірінде су тасқыны қаупі жарияланды
ашық дереккөзі
Қазақстанның 10 өңірінде және Алматыда дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.  Синоптиктер аптаның басында еліміздің бірқатар аймақтарында су деңгейі көтерілуі мүмкін дейді. 9-13 сәуірде температураның жоғарылауы мен жауын-шашынның жиілеуінен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарындағы өзендерде қардың қарқынды еріуінен су деңгейі көтеріліп, тасқын жүруі мүмкін. Осы күндері жоғары температура мен жауын-шашынның сақталуына байланысты Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейінің көтерілуінен бөгеліс қалыптасуы мүмкін деп күтілуде. Ал 9-11 сәуірде жауын-шашынның салдарынан Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы өзендерінде де су деңгейі қалыпты мөлшерден көтеріліп, тасқын болуы мүмкін.