8 Сәуір 2018, 13:57 597 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Бразилияның бұрынғы президенті қамауға алынды

Бразилияның бұрынғы президенті Луис Инасиу Лула да Силва өз еркімен берілді. Оны Сан-Бернарду-ду-Кампу қаласында федералдық полицейлер алып кеткен. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап 24.kz.

Оның жақтастары бұған жол бермеу үшін қолдан келгенін істеген. Алайда әрекеттерінен ештеңе шықпады.

Айта кетейік, экс-президентке жемқорлықпен айналысты деген айып тағылған. Қаңтар айында сот оны 12 жыл және 1 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бірақ Лула да Силваның жазасын қай жерде өтейтіні жарияланған жоқ. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартып отыр. Жадыңызға сала кетейік, Лула да Силва билік басында 2003 жылдан бастап 2011 жылға дейін болған.

Соңғы жаңалықтар