CNN телеарнасы сазға отырды

CNN телеарнасы сазға отырды

CNN телеарнасы сазға отырды
ашық дереккөзі

Американдық демократия әшейін сөз сияқты

Жуырда Ұлы Ливия Араб Социалистік Халықтық Джамахириясының Сыртқы байланыстар мен халықаралық қатынастар Жалпыхалықтық комитетінің ақпарат жөніндегі хатшысы қатаң мәлімдеме жасады. Онда “Біз БАҚ-тардағы сөз бостандығына бейтарап қарамайтын әлемдік қауымдастық, халықаралық ұйымдар мен институттарға хабарлама жасауды жөн көріп отырмыз” делінген. Бұл телеарна (CNN)“Аль-Фатх” Ұлы революциясының көсемі, полковник Муаммар Каддафиден сұхбат алуға өтініш білдіріп, телеарнаның адалдығына күмәнданбаған Ливия тарапы келісімін береді. Оның үстіне, 2005 жылғы 13 қазанда телеарна хат жазып:

“… біз сұхбаттың бір бөлігін сұхбат алынған соң бірден көрсетеміз, ал Таяу Шығысқа арналған аптада толық нұсқасын көрсетеміз”, –деп міндеттеме алады. Аталмыш апта 21.11.2005–27.11.2005ж. аралығында өтетіні де айқын мәлімделген.

2005 жылдың 10 қарашасында сұхбат телетаспаға түсіріліп, CNN телеарнасы осы сұхбаттағы үлкен әрі аса маңызды тұстарын кесіп алып тастап, 25 қараша күні көрсеткен. Дәп сол күні ливиялықтар CNN телеарнасымен шұғыл хабарласып, аталмыш сұхбаттағы ең маңызды тұстарын алып тастауға қандай себептер әсер еткенін білуге күш салады. Олар осы мәселеге телеарнаның назарын аударуға көп күш жұмсап, CNN-нің алған міндеттемелерін естеріне салады және сұхбаттың өңдеусіз толық көрсетілуін талап етеді. “Біздің телеарнамен байланыстарымыз халықаралық құқықтық сарапшылар мен заңгерлердің қатысуымен жүзеге асырылды. Бірақ бәрі де нәтижесіз болып шықты, өйткені, осы уақытқа дейін телеарна тарапынан еш жауап ала алған жоқпыз”,–дейді Ливия өкілі.

“Өзгелердің бәрін құрметтей отырып, біз баспасөз, сөз, жарияланым бостандықтары туралы үнемі қайталайтын бүкіл БАҚ-тарда болуға тиісті адалдықты аталмыш телеарна аяққа таптағанын барлықтарыңызға көрсеткіміз келеді. БАҚ-тар әрқашан сөз бостандығы туралы айтумен болады, бірақ осы жағдайда олар дәп осыны бұзып отыр және Батыс өздері ылғи қайталайтын ұрандарда сөз бостандығы да, демократия да емге табылмайтынын кезекті рет дәлелдеді.

Бұл жағдай әлемдік БАҚ-тарадағы сөз, ақпарат бостандығы туралы сөздер құр алдау екендігін танытады және мұндай ұрандарға күмәнмен қарауымызға тура келеді. БАҚ–тар бостандық пен адалдықтың жоқтаушылары сияқты, түрлі көзқарастардың, әсіресе, “Аль-Фатх” Ұлы революциясының көсемі, полковник М.Каддафи мақсат етіп қойған бостандық, әлем халықтарының гүлденуі, берік принциптер негізінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтардың арасындағы бауырластық” қатынастар мен әріптестіктерді қолдауға, бұл идеялардың бүкіл адамзатқа жетуіне қолқабыс беруге тиіс сияқты көрінетін.

Қалай дегенде де, әділдік бізден орын алған жайдың мәнін түсіндіруімізді талап етеді. Біздің шыншыл екенімізді танытатын құжаттар мен сөздер мәтіні де қолымызда. Біз әлемдік ақпарат ұйымдары, мекемелері, әсіресе, батыстық ұйымдардың сөз, баспасөз ақпарат бостандығы жөніндегі өз ұрандарының өміршең екендігін дәлелдеулеріне шақырамыз”.

Бір сөзбен айтқанда, Ливия әлемге әйгілі CNN телеарнасына айтарлықтай ауыр айып таққан. Несі бар, атышулы АҚШ демократиясының қарапайым өмірде ол сазға отыратын тұстары да аз емес. Соңғы кездері Гуантанамодағы түрмеге қатысты халықаралық даудың өршуі де алып елдің бостандық деген ұғымға онша назар аудармайтынын да аңғартса керек.

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ