«ҰЛТТЫҚ РӘМIЗГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАЙТ МИНИСТРЛIКТIҢ ҚАДАҒАЛАУЫНДА»

«ҰЛТТЫҚ РӘМIЗГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАЙТ МИНИСТРЛIКТIҢ ҚАДАҒАЛАУЫНДА»

«ҰЛТТЫҚ РӘМIЗГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАЙТ МИНИСТРЛIКТIҢ ҚАДАҒАЛАУЫНДА»
ашық дереккөзі

Сыртқы істер министрлігінің арнаулы өкілі Ержан Ашықбаевтың айтуына қарағанда, Қазақстан туын сауда белгісіне айналдырған қытайлық компанияның іс-әрекетін зерттеуді министрлік жіті қадағалауына алыпты. Өткен аптада осы мәселе жөнінде «Түркістан» газетінің бетінде егжей-тегжейлі жазылды да. Қазақстанның ұлттық рәмізін коммерциялық мақсатқа айналдырған көршілеріміздің тірлігін зерттеу негізінен Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің мойнына жүктелген. Айтпақшы, Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев ақпанның 26-сы мен наурыздың 1-і аралығында Қытай Халық республикасына ресми сапармен бармақ. Сапар барысында Тоқаев Қытай Мемлекеттік хатшысы Вэнь Цзябаомен Мемлекеттік кеңес мүшесі Тан Цзясюанмен және сол елдің Сыртқы істер министрі Ли Чжаосинмен кездесулер өткізеді. Кездесулер кезінде Қазақстан-Қытай арасындағы бұған дейінгі саяси-экономикалық және гуманитарлық салалардағы жоғарғы деңгейде қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру және екі елдің арасындағы көп векторлы ықпалдастыққа қатысты жайттар талқыланатын болады. Сонымен қатар, Тоқаев Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжіге соғып, ондағы партия комитетінің басшысы Ван Лэцюаньмен кездеспек.

Елдің ұлттық рәмізіне қатысты жайттың анық-қанығы бәлкім сол кезде белгілі болатын шығар.

Гүлнәр Мұқанова