Солтүстік Корея басшысы Қытайға жасырын келіп кетті

Солтүстік Корея басшысы Қытайға жасырын келіп кетті

Солтүстік Корея басшысы Қытайға жасырын келіп кетті
ашық дереккөзі
КХДР басшысының Қытайға сапары туралы хабар әлемді елең еткізді. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мінген арнайы пойыз Бейжіңнен шықты. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, 27 наурызда онға жуық жеңіл көліктен тұратын кортеж мотоциклдердің сүйемелдеуімен Бейжіңдегі басты теміржол вокзалына барды. Олардың арасында үлкен қара лимузин де болған. Сол кезде вокзал ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жұрттың фотосурет түсіруіне кедергі жасаушылар да жүрген. Ал соған дейін Бейжіңнің басты көшесі Чананьцеде күзетуші полицей жасақтары көбейіп, қауіпсіздік шаралары күшейтілген еді. Bloomberg хабарлауынша, бұл Ким Чен Ынның 2011 жылдан бері алғаш рет Солтүстік Корея аумағынан сыртқа шығуы болған екен.