Қырғызстанда 80-нен астам сириялық босқын орналастырылды

Қырғызстанда 80-нен астам сириялық босқын орналастырылды

Қырғызстанда 80-нен астам сириялық босқын орналастырылды
ашық дереккөзі
Қырғызстанда 80-нен астам сириялық босқын орналастырылды. Қазіргі таңда Қырғызстанда 168 шетел азаматы босқын мәртебесімен тұрып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік көші-қон қызметінің босқындармен жұмыс бөлімінің жетекшісі Гулайда Орозалиева хабарлады. Оның айтуынша, 87 босқын Сириядан, 61-і Ауғанстаннан, 15-і Украинадан келген. Сирияда 2011 жылы наурызда басталған азаматтық соғыс салдарынан 400-ден астам тұрғын опат болды. Соғыс кезінде Сириядан 22 млн адам босып кетті. Ресей мен Иран Сирия президенті Башар Асад үкіметіне жақтасса, АҚШ пен Түркия түрлі бүлікшіл топтарды қолдап отыр.