АҚШ Мексикамен шекараға қорған салуға кіріседі

АҚШ Мексикамен шекараға қорған салуға кіріседі

АҚШ Мексикамен шекараға қорған салуға кіріседі
ашық дереккөзі
АҚШ Конгресі Мексикамен ортақ шекарада қорған құрылысын бастауға 1,6 миллиард доллар бөлді, деп хабарлайды 24.kz. Қаржы тек жаңа қоршау салуға ғана емес, бұрынғыларын жөндеуге де жұмсалады. Бұл туралы Ақ үй қожайыны Дональд Трамп мәлімдеді. Құрылыс жұмыстары 26 наурызда басталмақ. Мексикамен шекараға қорған салу -  Дональд Трамптың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі жоспарларының  бірі. Сол арқылы ол аталған елден келетін заңсыз мигранттар мен контрабандалық тауарларға тосқауыл қоюға уәде еткен еді. Оған қоса қорған құрылысын Мексика тарабы да қаржыландырады дегенді айтты. Дегенмен, жобаны жүзеге асыру үшін президент әкімшілгі ел конгресінен 25 миллиард доллар сұраған.