Николя Саркози қамауға алынды

Николя Саркози қамауға алынды

Николя Саркози қамауға алынды
ашық дереккөзі
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози ұсталды. Monde француз басылымының хабарлауынша, экс-президент Париж маңында абақтыға қамалған. Саркозидің 2007 жылғы президент сайлауындағы науқанын Ливия қаржыландыруы мүмкін. Осы істің ақ-қарасын айыпу үшін экс-президент қамауға алынды. Ол 48 сағатқа тұтқындалды, осыдан кейін Саркозиге айып тағылуы тиіс.
Айта кетейік, 2012 жылы Mediapart басылымы Саркозидің президенттік науқанына қажет 50 миллион еуроны ливия билігі бергенін растайтын құжаттарды жариялаған болатын. Бұл іс бойынша сот әлі жүріп жатыр.