Жээнбеков Ақаев пен Бәкиевтің ісін қайталағысы келмейді

Жээнбеков Ақаев пен Бәкиевтің ісін қайталағысы келмейді

Жээнбеков Ақаев пен Бәкиевтің ісін қайталағысы келмейді
ашық дереккөзі
Қырғыз басшысы Сооронбай Жээнбеков БАҚ басшыларымен кездесуде елдің бұрынғы президенттерінің ісін қайталағысы келмейтінін айтты. Ол өз туыстарының президент жұмысына араласуына қарсы. 
Оның сөзінше, көбі мемлекеттік лауазымды қызметке туыстарын тағайындайды ма деп қорқады. Әсіресе өзінің кіші бауыры Асылбек Жээнбековке қатысты көп сөз еретінін айтады. "Олар өз жұмыстарын жақсы жүргізіп жатыр. Мен Ақаев пен Бакиевтің тағдыры қалай болғанын көрдім. Алты жылдан кейін басымды көтеріп, адамдармен еркін кездескім келеді", — деді ол. Асылбек Жээнбеков парламент спикері болған. Бірақ Сооронбай Жээнбеков премьер-министрлікке ұсынылған кезде, ол қызметінен кеткен. Кейін Социал демократиялық партия Сооронбай Жээнбековті президенттікке ұсынды. Қазір Асылбек Жээнбеков — парламент депутаты.