Ер адам Ақ үй жанында өзін атып өлтірді

Ер адам Ақ үй жанында өзін атып өлтірді

Ер адам Ақ үй жанында өзін атып өлтірді
ашық дереккөзі
АҚШ президентінің резиденциясы - Ақ үй маңында атыс болды. 
Белгісіз ер адам тапаншамен бей-берекет оқ атып, елдің үрейін алды. Бірақ оқиға кезінде ешкім жапа шеккен жоқ. Тек ол өзін атып жаралап, содан көз жұмды. Әзірге бұл азаматтың неліктен мұндай әрекетке барғаны белгісіз. Ал атыс кезінде президент Дональд Трамп Флоридадағы резиденциясында болған. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Еске сала кетейік, ақпанның 14-і күні Флориданың Паркленд қаласында 19 жастағы мектептің бұрынғы оқушысы өзінің оқу орнына барып оқ жаудырып, 17 адамды өлтірген еді. Осыдан кейін елде қарудың емін-еркін сатылуына қарсы наразылық көбейіп, мәселе қоғамның қызу талқысына түсті.