6-сынып оқушы еліміздің ең жас жазушысы атанды

6-сынып оқушы еліміздің ең жас жазушысы атанды

6-сынып оқушы еліміздің ең жас жазушысы атанды
ашық дереккөзі
Қызылордалық бүлдіршін, қаладағы №267 орта мектептің 6 сынып оқушысы Алтынай Берік «Ертегілер» атты кітап шығарып, еліміздегі ең жас жазушының бірі атанды.  ҚазАқпараттың хабарлауынша, Алтынайдың алғашқы кітабының шығуына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қолдау білдірген. Сондай-ақ, алғашқы туындысының бір данасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдады. Жаңа туынды 1000 дана таралыммен оқырман қолына тиді. Ол 60 беттен тұрады. Кітапқа 32 ертегі мен өлеңдер жинақталған. Сонымен бірге, кітапта жас өреннің өз қолымен салған суреттері де бар. Алтынай 7 жасынан бері қолына қалам ұстап, түрлі әдеби шығармалар жазып келеді. Бүгінде оның 40-қа жуық ертегісі бар. Шығармаларының көпшілігі жан-жануарларға арналған. Мәселен, «Ақ көжек», «Мөлдір бұлақ», «Қызыл қораз», «Түйе», «Қамқорлық» сынды туындылары республикалық байқауда орын алып жүр. Оның ертегілері «Балапан» телеарнасының 5 жылдығына орай өткізілген «Менің ғажайып ертегілерім» атты жинаққа енгізілген.   Бүгінге дейін Алтынай түрлі байқауларға қатысып, олардан жоғары жетістікпен оралып келеді. Тұңғыш рет «Жас өркен» серіктестігі ұйымдастырған бәйгеде жеңімпаздар тұғырынан көрінген еді. Алтынай көп балалы отбасыдан шыққан. Ол - отбасындағы 7 баланың екіншісі.