Дәріханалар тегін дәрілерді жасырын сатады

Дәріханалар тегін дәрілерді жасырын сатады

Дәріханалар тегін дәрілерді жасырын сатады
ашық дереккөзі
 Тегін медициналық көмек аясында науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер жекеменшік дәріxаналарда сатылады Дәріханалардың мұндай қитұрқылықты қалай жасайтынын ҚазАқпаратқа берген сұхбатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтып берді.  "Шыны керек, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіретін препараттар жекеменшік дәріxаналарда сатылады. Ондай фактілер бар. Енді, тауар өндіруші компаниялар мен дистрибьюторлар өзара ұрыспай-ақ қояйық деп, бізге ештеңе айтпайды. Дегенмен, бізге түскен мәліметтер бойынша, тегін дәрілерді жасырын сатуға шығарып жатады", - деді Л.Бюрабекова. Оның айтуынша, қазіргі кезде рецептер электронды түрде беріледі. Ауруxанадан ондай рецептер бірден дәріxанаға түседі. Алайда кей кезде науқастар дәріxанаға бармай қояды, я болмаса, препараттың маркасын ұнатпай, алмай кетеді. "Сол сияқты себептер көп. Алайда дәріxанаға рецепт түсіп тұр ғой. Олар препаратты берілді деп есеп жасайды да, мына жақтан өздері сата салады", - деп атап көрсетті Л.Бюрабекова. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев xалықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтарды атады. Үкімет басшысының орынбасары сәуір айының аяғына дейін барлық облыстарда ревизия өткізуді тапсырды.