Бекетаев қарағандылық шенеуніктің кабинетінде ілулі тұрған портретін ұнатпады

Бекетаев қарағандылық шенеуніктің кабинетінде ілулі тұрған портретін ұнатпады

Бекетаев қарағандылық шенеуніктің кабинетінде ілулі тұрған портретін ұнатпады
ашық дереккөзі
Осыдан төрт-бес күн бұрын желіде Қарағанды облысының әділет департаментінде ілініп тұрған ҚР әділет министрі Марат Бекетаевтың ортреті қызу талқыланған еді. Бұған қатысты пікір білдірген министр өз суретін есігінің жанына іліп қойған қарағандылық шенеуніктердің әрекетін құптамайтынын жеткізді.  "Әріптестерім портрет туралы маған айтты. Меніңше, ол дұрыс емес. Өйткені ол менің суретім ғой, қолдамаймын", — деді министр. Бекетаев өз портретін іліп қою туралы департаменттерге тапсырма бермегенін мәлім етті. "Бұл менің бастамам емес. Ол басшыны танымаймын да. Интернетте тараған суреттерді көрдім, ұнаған жоқ", — деді ол. Шенеуніктерге қандай да бір шара қолданыла ма деген сауалға министр мырза "бастысы – жұмыс, бұған қадалып қалудың қажеті жоқ" деп қысқа қайырды. "Тәртіптік, этикалық мәселелерді шешу министрдің мәселесі емес. Бұған жауапты хатшы бар. Ол тиісті тапсырманы беріп қойды", — деп түйіндеді сөзін Бекетаев.