Мәулен Әшімбаев: Жұмыста сан емес, сапа болсын

Мәулен Әшімбаев: Жұмыста сан емес, сапа болсын

Мәулен Әшімбаев: Жұмыста сан емес, сапа болсын
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев елордалық филиалдың активімен кездесуде Президенттің партияны жаңғырту жөніндегі басты тапсырмалары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Төрағаның тапсырмаларын сапалы әрі өз мерзімінде орындау үшін партия мүшелері оны демократияландыру бойынша үлкен ауқымдағы жұмыстарды атқаруы тиіс. «Біз жұмыстың форматы мен әдісін өзгертуіміз керек. «Нұр Отанның» қағазбастылыққа қарсы қызметін жүргізіп, адамдарға пайда әкелетін нақты шараларға көшуіміз керек», - деді Мәулен Әшімбаев.   Оның сөзіне қарағанда, жаңа әдістер мен цифрлық технологиялардың енгізілуі алдымен жастарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ардагерлерге, жалғызбасты зейнеткерлерге, шағын және орта бизнес өкілдеріне көмек беруі керек. «Өткізілетін шарадан нақты пайда болуы тиіс. Сан емес, сапа болсын. Кейбір жоспарларда жүздеген, мыңдаған шара белгіленген. Одан да аз да болса сапалы, нәтиже беретін шараларды өткізейік. Адамдарды қинаған мәселелерді шешуге күш салу қажет», - дейді ол. Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясы министрлік немесе атқарушы билік емес, стратегиялық күш деген сөзін еске салды.   «Партияға ерекше миссия - Қазақстанды жаңғыртуға жүйелі түрде қатысатын стратегиялық күшке айналу міндеті жүктелген. Біз Мемлекет басшысының нәтиже үшін жұмыс істейтін жасампаз орталыққа айналуымыз керек», - дейді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.