Қазақстан-Өзбекстан шекарасында қосымша екі бекет ашылады

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында қосымша екі бекет ашылады

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында қосымша екі бекет ашылады
ашық дереккөзі
Қазақ-өзбек шекарасында қосымша екі тексеру және өткізу бекеті салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. 
Министр Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасында тауар айналымының артуына байланысты және Өзбекстан үкіметімен арадағы келісім бойынша қосымша «Сырдария» және «Целинный» деп аталатын екі тексеру және өткізу бекеті ашылатынын айтты. Ол бекеттерде шамамен 120-дан астам адам жұмыс істемек. Бұған қоса үш тексеру және өткізу бекеті енді тәулік бойы жұмыс істейді. Сұлтанов сонымен қатар Құрық жаңа теңіз портындағы өткізу бекеттерін толық жасақтап, тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшіру керегін айтты.