Министр жергілікті жолдарды жөндеу үшін қосымша ақша сұрады

Министр жергілікті жолдарды жөндеу үшін қосымша ақша сұрады

Министр жергілікті жолдарды жөндеу үшін қосымша ақша сұрады
ашық дереккөзі
Жергілікті автожолдарды жөндеу үшін бөлінген бюджет қаржысы жеткіліксіз. Сондықтан ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек депутаттардан  қосымша қаражат бөлінуін қолдауды сұрады. 
"Биылғы бюджетті нақтылау аясында жергілікті автожолдарды дамыту үшін облыстарға қосымша ақша бөлуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде шамамен 80 миллиардтан 90 миллиард теңгеге дейін қаржыландырылады, біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл соманы 150 миллиард теңгеге дейін ұлғайтқымыз келеді. Депутаттардан мұны қолдауды сұраймыз", — деді министр ведомство алқасының кеңейтілген отырысында. Қасымбек қосымша қаржыға жыл сайын 4 мың шақырым автожолдың сапасын жақсартуды жоспарлап отыр. "Жыл сайын жергілікті маңыздағы 4000 шақырым автожолды қайта қалпына келтіру жоспарда бар. Бұл жол сапасының жақсаруына септігін тигізеді. 2020-2022 жылдарға қарай жергілікті жолдардың 85 пайызы жақсы күйде болады деп жоспарлап отырмыз", — деді министр.