14 Ақпан 2018, 13:37 600 0 Ішкі саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Дархан Мыңбай – Парламент мәжілісінің депутаты

Дархан Мыңбай Мәжілістің Экология мәселелері комитетінің мүшесі болды. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палатаның Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің жаңа мүшесі сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясының Қаулысымен партиялық тізім бойынша «Нұр Отан» партиясының мүшесі Дархан Қамзабекұлы Мыңбай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелді. Барлық депутаттардың атынан сізді құттықтаймыз. Сонымен қатар жаңа депутатты тұрақты комитеттің құрамына сайлаймыз», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. Дауыс беру арқылы Дархан Мыңбай Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Дархан Мыңбай Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді.

Соңғы жаңалықтар