Олимпиада-2018: Бүгін қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бақ сынайды

Олимпиада-2018: Бүгін қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бақ сынайды

Олимпиада-2018: Бүгін қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бақ сынайды
ашық дереккөзі
Пхенчханда өтіп жатқан Қысқы Олимпиадада қазақстандық спортшылар бүгін  спорттың төрт түрінен сайысқа түседі. Бұл туралы  Қазақстанның ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлады. 
  • Тау шаңғысы спорты
Таудан жылдам түсу, комбинация, ерлер Игорь Закурдаев Басталуы сағат 8:30-да*
  • Шаңғы жарысы
Спринт, классикалық стиль, әйелдер Елена Коломина, Анна Шевченко, Валерия Тюленева Басталуы  14:30-да — квалификация, 18:25-да — финал. Спринт, классикалық стиль, ерлер Алексей Полторанин, Денис Волотка Басталуы 15:05-те — квалификация, 18:35-те — финал.
  • Шорт-трек
1000 метр, ерлер Нұрберген Жұмағазиев Басталуы 16:00-де — квалификация. 5000 метрлік эстафета, ерлер Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Мерсаид Жақсыбаев Басталуы 17:30-да — квалификация.
  • Коньки жарысы
1500 метр, ерлер Денис Кузин, Федор Мезенцев Басталуы 17:00-де — финал