Апатқа ұшыраған ресейлік ұшақта 3 бала болған

Апатқа ұшыраған ресейлік ұшақта 3 бала болған

Апатқа ұшыраған ресейлік ұшақта 3 бала болған
ашық дереккөзі
Мәскеу түбіндегі ұшақ апатынан қаза тапқан 71 адамның ішінде экипаждың алты мүшесі және үш бала болған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың үлкені 17 жаста, екіншісі – 13 жаста, үшіншісі – бес жаста болған. Қайғылы оқиғаға байланысты Орынбор облысының билігі 12 ақпанды Аза тұту күні деп жариялады.
Ресейдің тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин Мәскеу түбінде болған ұшақ апатын тергеуді аса маңызды істер жөніндегі басқармаға тапсырған. Ан-148 жолаушы ұшағында 71 адам болған. Ұшақ өткен жексенбі күні Домодедово әуежайынан Орск бағытына ұшып шыққаннан кейін, бірнеше минуттен соң Мәскеу түбіндегі Раменск ауданында апатқа ұшыраған. Ресей бас прокуратурасы ұшақ тиесілі болған Саратов әуе жолдары компаниясын тексеріп жатыр.