72 жолаушысы бар «Ан-148» Мәскеу түбіне құлады

72 жолаушысы бар «Ан-148» Мәскеу түбіне құлады

72 жолаушысы бар «Ан-148» Мәскеу түбіне құлады
ашық дереккөзі
Мәскеу түбіндегі Раменск ауданында 72 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Риа Новости. Төтенше жағдайлар комитетіндегі дереккөздің хабарлауынша, Саратов әуе компаниясының «Ан-148» ұшағы Мәскеудің «Домодедово» әуежайынан ұшып шыққан. Әуе кемесінің бортында 65 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі бар. Әуежайдан ұшып кеткеннен кейін екі минуттан соң ұшақ радардан жоғалған. «Ұшақ Раменск ауданында жатыр, құтқарушылар әлі жеткен жоқ», - деді агенттік өкілі. Оның айтуынша, лайнер ауадан көрінген. Ұшақтардың қозғалысын қадағалайтын Flightradar24 порталының мәліметінше, сағат 14:26-дан кейін Ан-148 жылдамдығы күрт түсіп кеткен. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі апат болған жерде ұшақ қалдықтары мен жолаушылардың мәйіті табылғанын мәлімдеді. «Степановское ауылының маңында Ан-148 ұшағының қалдықтары табылды, сондай-ақ бірнеше адам қаза тапқан», - деп хабарлады РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Бұған дейін мамандар аман қалған жолаушылардың жоқ екенін хабарлаған. Құлаған ұшақтың экипаж мүшелері (Mash мәліметі бойынша): Валерий Губанов - экипаж командирі Сергей Гамборян - екінші ұшқы Анастасия Славинская - бортсерік Виктория Кобол - жолсерік Сергеев Олег - техникалық қызметкер Андрей Рябинин - техникалық қызметкер.