Олимпиада-2018: Галышева Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды

Олимпиада-2018: Галышева Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды

Олимпиада-2018: Галышева Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды
ашық дереккөзі
 Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан алғашқы медальға қол жеткізді. Фристайлшы Юлия Галышева қола медаль жеңіп алды.  Фристайлдың могул түрінен жарыста алғашқы ақтық кезеңде Юлия Галышева 75.10 ұпаймен жетінші орында болды. Екінші кезеңде қазақстандық спортшы 76.81 ұпаймен алтыншы келді. Үшінші ақтық кезеңде Галышева 77.40 балл жинап, ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Олимпиаданың алтын медалін француз Пэррин Лаффонт иеленді. Ал күміс жүлдені канадалық Жастин Дафур жеңіп алды.