Ұлытауда этноауыл салынады

Ұлытауда этноауыл салынады

Ұлытауда этноауыл салынады
ашық дереккөзі
Ұлытауда этноауыл салынады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сіздің бастамаңызбен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қарағандылықтар бірауыздан  қолдап отырғанын ерекше атап айтқым келеді.  Өңірдің өзіндік ерекшеліктерін Сіз жақсы білесіз, аумағы үлкен, халқы шашыраңқы орналасқан. Осыны ескере отырып, тұрғындарды барынша қамту үшін шағын жобаларға баса назар аударуға ұйғардық», - деді Қошанов. Оның дерегінше, жалпы алғанда «Рухани жаңғыру»  бағдарламасына 12 млрд теңгеден астам сомаға 430 жоба енгізіліп отыр. Тек өткен жылдың өзінде ғана өңір мецанаттары 74  әлеуметтік нысанды салған және  жөндеуден өткізген. «Қарағанды үшін бағдарламаның басты жобасы- Ұлытау.  Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп Ұлытауда  сапар орталылығы мен этноауыл салу жоспарлануда», - деді өңір басшысы.