БАӘ Қазақстан азаматтарына визаны алып тастады

БАӘ Қазақстан азаматтарына визаны алып тастады

БАӘ Қазақстан азаматтарына визаны алып тастады
ашық дереккөзі
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Қазақстандағы елшілігі Қазақстан азаматтары 10 наурыздан бастап БАӘ-де 30 күнге дейін визасыз жүріп-тұра алатынын хабарлады. Елшіліктің Twitter-дегі парақшасында «Қазақстан халқын 10 наурыздан бастап Қазақстан азаматтары үшін БАӘ-де 30 күнге дейін визасыз болу режимі күшіне енетінімен құттықтаймыз» деп хабарланды. Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 2017 жылы БАӘ-мен «барлық төлқұжат түрі бойынша» визасыз сапарлау туралы келісім жасалғанын хабарлаған. Келісімді БАӘ-нің барлық әмірліктері мақұлдауы тиіс. Қазақстан үкіметінің 2012 жылдың 21 қаңтарындағы №148 қаулысы бойынша, БАӘ азаматтары Қазақстанда визасыз 30 күнге дейін бола алады.