8 Ақпан 2018, 15:47 534 0 Заң Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Ресей 122 мың тәжік мигрантына рақымшылық жасады

Ресей билігі 122 мың еңбек мигрантына рақымшылық жасады. Олардың 20 мыңы елде заңдастырылса, қалғандарына Ресейге қайтып келіп жұмыс істеуге рұқсат берді.

Бірақ соған қарамастан әлі 181 мың тәжік азаматына Ресейде миграциялық заңды бұзды деген себеппен жұмыс істеуге тыйым салған.

Ресейде миграциялық рақымшылық былтыр көктемде жүрген.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, соңғы үш жылда Ресейден жарты миллион мигрант шығарылған.

2017 жылдың ақпан айында РФ президенті Владимир Путин Душанбеге барған сапары кезінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға миграция проблемасын шешемін деп уәде берген.

Соңғы жаңалықтар