8 Ақпан, 15:11 99 0 Сыртқы саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

АҚШ вице-президенті Солтүстік Кореяға қарсы "ауыр" санкция жөнінде мәлімдеді

АҚШ вице-президенті Солтүстік Кореяға қарсы "ауыр" санкция жөнінде мәлімдеді. АҚШ вице-президенті Майк Пенс жақын күндері Америка Солтүстік Кореяға қарсы "өте ауыр әрі агрессивті" экономикалық санкция жариялайтынын мәлімдеді.

Пхёнчханда 9 ақпанда басталатын қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына Америка делегациясын бастап баратын Пенс бұл мәлімдемесін Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кездескеннен кейін жариялады.

«Америка Құрама Штаттары жақында Солтүстік Кореяға қарсы өте ауыр әрі агрессивті экономикалық санкция жариялайды. Біз ядролық және зымыран бағдарламасын тоқтатпайынша Солтүстік Кореяны оқшаулауды жалғастыра береміз», - деп мәлімдеді Пенс.

АҚШ-тың ресми өкілдері жаңа санкция Олимпиада ойындары аяқталғанға дейін жарияланатынын айтады. Пенс 8 ақпанда Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен кездесуі тиіс. Ол Олимпиада кезінде Солтүстік Кореяның ресми тұлғаларымен кездесуді жоққа шығармады.

Соңғы жаңалықтар