6 Ақпан 2018, 17:06 570 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Қырғызстан Ресейге 488,9 млн доллар қарызын қайтармайтын болды

 Владимир Путин Қырғызстанның Ресей алдындағы мемлекеттік қарызын кешіру жөніндегі құжатқа қол қойды.

Ресей президентінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Ресей Қырғызстанның 2012 жылға 488,9 млн доллар берешегін жойды. Осының алдында 2013 жылғы 188,9 млн доллар қарызын кешірген. Енді екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, 10 лет жыл ішінде 2016 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 30 млн доллар қарызды кешіріп отырады. 2016-2017 жылдары 60 млн доллар берешек жойылған. 2017 жылдың 30 сәуіріндегі көрсеткіш бойынша Қырғызстанның Ресей алдында 240 млн доллар қарызы бар.

Қырғызстан қаржы министрлігінің мәліметінше, 240 млн долларды бір ретте кешіргенде, мемлекеттің сырты қарызы қысқарып, ЖІӨ 3,8 пайызға өседі.

Соңғы жаңалықтар