6 Ақпан 2018, 10:57 634 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Киев соты Саакашвилиге босқын мәртебесін беруден бас тартты

Киев соты Грузияның бұрынғы президенті, украиналық "Жаңа күштер қозғалысының" жетекшісі Михаил Саакашвилиге Украинада саяси босқын мәртебесін бермеді. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 

Енді Одесса облысының бұрынғы губернаторын Грузияға экстрадициялауы мүмкін. Адвокаттар конституциялық сотқа шағымдануды көздеп отыр.

2017 жылы шілдеде Украина президенті Саакашвилидің украиналық азаматтығын алып қойды. Қыркүйек айында саясаткер көші-қон қызметінен босқын мәртебесін сұраған.

5 қаңтарда Тбилиси қалалық соты Саакашвилиді президенттік қызметін асыра пайдаланған деген айыппен үш жылға соттады. Саясаткер украиналық билік өзін тезірек экстрадициялауға тырысып жатыр деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар