Қазақстандықтардың орташа жалақысы рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстандықтардың орташа жалақысы рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстандықтардың орташа жалақысы рекордтық көрсеткішке жетті
ашық дереккөзі
2017 жылдың қазан-желтоқсан айларында елдегі орташа жалақы рекордтық көрсеткішке жетіп, 163 725 теңгені құрады, деп хабарлайды Astanatv.kz
Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар бұрын-соңды мұндай жалақы алмаған. Өткен жылғы айлық өсімі әртүрлі. Ал еңбекақының 4-ші тоқсанда өсуі маусымдық жұмыстармен байланысты көрінеді. Жылдық орташа жалақы 150 мың теңге шамасында. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға жоғары. Былтыр жылдық инфляция көлемі 7 пайызды құрады. Демек, жалақы өсімі бағалар өсімінен төмен. Сондықтан жұрттың әл-ауқаты жақсармай отыр. Ал табысты сала көрсеткішінде өзгерістер бар. Өткен жылдың 4-ші тоқсанында қаржы, сақтандыру саласындағы қызметкерлердің орташа айлығы 316 мың теңге болған. Ал жалақы ең аз салалар — білім мен ауыл шаруашылығы. Бұл сала қызметкерлерінің айлық табысы 100 мың теңгенің айналасында.