Бұдан былай ипотекалық қарызы барлар үйінен қуылмайды

Бұдан былай ипотекалық қарызы барлар үйінен қуылмайды

Бұдан былай ипотекалық қарызы барлар үйінен қуылмайды
ашық дереккөзі
Енді ипотекалық қарызын өтей алмаған қазақстандықтар үйлерінен қуылмайды. Президент тапсырмасынан кейін қайта қаржыландыру бағдарламасын қарап жатқан Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге мәселені шешудің басқа жолдарын қарастыруды ұсынып отыр. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлады. Қаңтардың басында ғана елбасы Ұлттық банкке ипотекалық қарызын өтей алмай жүргендердің мәселесін шешу жөнінде тапсырма берген болатын. Президент тапсырмасы бойынша, тек 2016 жылға дейін берілген ипотекалар мәселесі қарастырылмақ. “Осы кезден бастап банктер ипотекалық қарызы барларды үйлерінен шығаруды тоқтатты. Осы күнге дейін 23 мың қарыз иесі қайта қаржыландырылып, баспаналарын сақтап қалған еді. Алдағы уақытта бағдарлама бойынша тағы 25 мың ипотеканы қайта қаржыландыру жоспарланып отыр”, – дейді ҚР ҰБ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бөлімінің бастығы Мениса Хуснутдинова.