5 Ақпан, 15:14 236 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

ОҚО-да 6 әкім алаяққа жем болды

Өскемендік алаяқ ОҚО-ның 6 аудан әкімін алдап, әрқайсысынан миллион теңгеден жымқырған. Бұл туралы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов мәлімдеді. 

Істі қарап жатқан судьяның айтуынша, алаяқтық қылмысын жасады деп қамауға алынған күдікті бұрынғы футболшы болған. Ол бұған дейін де алаяқтық қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған екен.

Сот барысында анықталғандай, 25 жастағы жігіттің алаяқтық әрекет жасамас бұрын ашық ақпарат көздері мен мемлекеттік органдардың сайтынан аудан әкімдерінің аты-жөндерін, сол аудандардың ең өзекті деген әлеуметтік мәселелерін әбден зерттеп алған. Ашық түрде алты әкімге хабарласып, өзін «Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің қызметкерімін» деп таныстырады.  Сөйтіп  аудан басшыларынан қайырымдылық шараға деп әрқайсынан миллион теңгеден қаржы алған.

Тергеу барысында соңғы аудан әкімі облыс әкімдігіне хабарласып, сондай қызметкер жұмыс істей ме деп сұрап алыпты. Сол кезде ғана жігіттің алаяқтық қылмыспен айналысып жүргені анықталған. Ол құзырлы органдармен ұсталып, сол күні ақ қамауға алынған. Қазір Әл-Фараби аудандық сотында алаяқтық әрекет жасаған деген айыпталушыға қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Келесі сот процесі осы аптаның соңына жоспарланған.

 

Соңғы жаңалықтар