Елімізде жаңа әкімшілік сот пайда болуы мүмкін

Елімізде жаңа әкімшілік сот пайда болуы мүмкін

Елімізде жаңа әкімшілік сот пайда болуы мүмкін
ашық дереккөзі
«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс» деп аталатын жаңа құжаттың жобасы таныстырылды. Азаматтар мен мемлекеттік мекемелер арасындағы дауларды шешуге арналған кодекс екі бөліктен тұрады. Бұл туралы Жоғарғы сот судьясы Денис Шипп мәлімдеді. 
Біріншісінде мемлекеттік мекемелерге өтініш білдіру және шағымдану реті көрсетілген. Ал құжаттың екінші бөлігі рәсімдік сипатқа ие. Яғни сот өндірісіне қатысты. Жаңа кодекс негізіндегі заң жобасы Парламент қарауына 2018 жылдың тамыз айында енгізіледі деп жоспарланып отыр. "Бұл соттағы судьяның рөлі өзгешелеу болмақ. Яғни судья сот отырысында бұрынғыдан белсенді болады. Мәселен, қазіргі процесте ол тараптар ұсынған деректерді ғана қарастырып, жалпы жағдайдан тыс қалып жатады. Сондай-ақ бұл жерде тараптардың құқығы тең сақталады дей алмаймыз. Себебі істің бір жағында қатардағы азамат тұрса, екінші жағында заңгерлері бар мемлекеттік мекеме тұр. Сондықтан судья өз еркі бойынша тараптардан қосымша дәлелдеме талап етіп, түсініксіз көрінген шағымдарды нақтылай алады", - дейді ҚР Жоғарғы сотының судьясы Денис Шипп.