"Сезам" директоры Ерлан Біләлға параны қалай бергенін айтты

"Сезам" директоры Ерлан Біләлға параны қалай бергенін айтты

"Сезам" директоры Ерлан Біләлға параны қалай бергенін айтты
ашық дереккөзі
Алмалы аудандық сотында өтін жатқан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының экс-директоры Ерлан Біләлдің ісі бойынша сот отырысында «Сезам» қорының директоры Қайрат Баянов Ерлан Біләлге ақшаны қалай бергені туралы айтып берді. «Сезам» директорының сөзіне сүйенсек, ол сотталушымен ең алғаш рет 2017 жылдың қазанында кездескен. Сол кездесу барысында сыйақы көлемі туралы уағда болған. Баянов Біләлге 1,5 млн теңге көлемінде ақшаны бөліп-бөліп беруі тиіс болған. «Сома туралы сөйлеспедік. Ол (Ерлан Біләл -  авт.) 1,5 млн теңгені меңзеді. Жарайды, көрейік дедім», - деді Баянов. Кейінірек Баянов тергеу орындарымен бірге жұмыс жасай бастаған. Алғашқы 600 мың теңгені Баянов конвертке салып 3 қаңтарға дейін берген. Бірақ Біләл ақшаны тезірек беруін сұрап, қайта-қайта мазалаған.  Қалған  900 мың теңгені Баянов 4 қаңтарда беруі тиіс болды. Куәгер Баянов 600 мың теңгені қайтаруға ниетті екенін айтты. Бұған дейін куәгер болып келген «Сезам» қорының директоры Қайрат Баянов азаматтық арызданушы болуға ниет білдірген еді. Оған Біләлдің қорғаушысы мен мемлекеттік айыптаушы қарсы шығып, бұл істе тек мемлекет жапа шегуші екендігін жеткізді. Іс материалдарына қарағанда, Ерлан Біләл «Сезам» қайырымдылық шығармашылық қорының басшысы Қайрат Баяновтан 1,5 млн теңге көлемінде пара алмақ болған. Бұл қаржыға театр ғимаратында балаларға арналған қойылым өтуі тиіс болатын. Алдыңғы сот отырысында Ерлан Біләл 600 мың теңгені қарызға таратып тастағанын айтқан еді.