Қысқы Олимпиада: Қазақстан құрамасында 57 жолдама бар

Қысқы Олимпиада: Қазақстан құрамасында 57 жолдама бар

Қысқы Олимпиада: Қазақстан құрамасында 57 жолдама бар
ашық дереккөзі
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 57 жолдамаға ие болды. Бүгін Қазақстан Ұлттық құрамасының Олимпиадаға жеңіп алған жолдамалар саны толығымен анықталды.  Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ресми түрде хабарлады. Бүгінде құрама еншісінде 57 жолдама бар. Олар биатлоннан - 10, мәнерлеп сырғанау - 3, шорт-трек - 12, конькимен сырғанау - 12, шаңғы жарысы - 7, фристайл-могул-4, фристайл-акробатика-5, тау шаңғы спорты-2, трамплиннен секіру-1, шаңғы спорты -1. Алғашқы болып Олимпиада қалашығына биатлонистер кіреді. Олар 1 ақпанда Пхенчханға келеді деп жоспарланған. 7-ші ақпанда олимпиада қалашығында қазақтың көк байрағы көтеріледі. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның   Пхёнчхан қаласында өтеді. Оған 95 мемлекеттен 2 900 спортшы мен ресми өкілдер қатысады деп жоспарлануда.